1. Қаралы үйге көмек ретінде, асқа деп, үлес-сыбаға беру.
~ – Оны аяған болып, əуре болғандай қояйық. Өлтірейік те жіберейік. Жапан түзде кім көріп тұр бізді? Сегіз мыңнан бөліп алсақ, ішімізді жарып бара ма? Елге барған соң, аттан жығылып өлді дерміз. Қайғырған болармыз, аза салармыз. Сонымен жұмыс бітер. Ж.Айм. ~ Бір тайыншам бар еді, оны қалқоз болмастан бұрын қатынның төркініне азаға салғам. Б.Май.
2. Көңілге қаяу салды. ~ – Біз қапа, бір хайуан қылды құмар. Қуалық әлі де болса бұл киікті, Қата боп бір жазымнан кеткен шығар. Көңілге осылай деп аза салған, “Алла деп” қуып берді өңшең бағлан. БС. “Әмірзада”.
