Көп адам, ірі топ. ~ Сары ала шатырдың іші толы адамның ешқайсысында үн жоқ. Осы бір тізерлесе тізілісіп қалған айғыр топ екі адамның егесін емес, екі төбеттің таласын көріп отырғандай ынт-жынттары кетіп, телмірісе қалыпты. Ә.Кек. ~ Шүңірек көк көзінің шалғайына саулаған ащы терді шынашағымен қағып жіберіп, қайқақ төсіне төгіле құлаған жирен сақалды бір сипап қойып, есіліп сөйлеп отырады. Оның соңында да – айғыр топ қошаметші. Оның да еститіні – тек қолпаш. Ә.Кек.
