Не айтса соны істеді; құлдық ұрды, құрдай жорғалады. ~ Өзі көзін ашқалы Аманғали байдың жылқысын бақты. Отымен кіріп, күлімен шықты. Айтқанын екі етпей, байдың бәйбішесіне жақты. Т.Әб. ~ Күз келді. Сабақ басталды. Оқуға беріле кірістім. Комсоргтың да айтқанын екі етпедім. Газет шығарысамын. Комсомол комитеті белгілеп берген көшедегі үйлерге барып газет оқып беремін, саяси үгіт айтамын. Н.Сер. ~ Апам тез-тез жүрді дегенше, бүкіл шалалықтан бой тартып, әскерше сымдай тартыла қалу қажет. Айтқанын екі еткізбеген ләзім. Әйтпесе… әй, қойшы, шапалағы әлі ащы. Е.Жең. ~ Келіншегі айтқанын екі еткізбейді, обалы не керек, әйтсе де күйеудің жарынан күтері сол екі етпеу ғана ма? М.Қаб. ~ …енді Байдалы шалды өз қолынан бастық сайлаған соң, айтқанын екі еткізбей орындатып Зибашты дереу бригадир қойғызды, сөйтіп, келіншектің көңілін алып, өз дегеніне жетті десті. С.Мұр.
