Не айтары бар, айттың не, айтпадың не, еш пайда жоқ. ~ Айтып-айтпай не керек, Мезгіліміз жеткен соң. Кеудедегі
жалынөрт. Су құйылып өшкен соң. Жастық дәурен, жалын мәрт. Бұхар ж. ~ Айтып-айтпай не керек, Бip кез мен де мына
сiңлiм сияқты, Ұяң едiм, сұлу едiм керемет. М.Шах. ~ Көзі тірі кезіндегі сәбидің бірде-біреуі тоқтамады. Айтып-айтпай не
керек, не көрмедік, неге көнбедік!..О.Бөк.~ Қойшы, айтып-айтпай немене, сол ұшқышты күткелі кәдімгідей қыз болып
қалдым. Еркекше киініп жүрсем де, бойымды жинақы, сымбатты ұстағым келеді. Қозғала алмай жатса да ол соның бәрін
сезеді. К.Қаз. ~ Баласын бақшаға орналастыра алмаса, дүкеннен кілем таба алмаса… айтып-айтпай не керек, әйтеуір,
сондай сәтте аспанды аласартып, күнді батырып жазады-ақ. Тіпті көршісінің қатты түшкіргеніне саяси мән беретін
«сауаттылар» да барын айтсаңшы!.. Ғ.Қаб.
