Ештеңеге қарамай, ешкімді елемей киіп кету, бірдеңеге кірісіп кету, дүрсе қоя беру туралы. ~ Мұқан балуанды алдына салып, үйге Жақан кірді. Ол келе ай-шай жоқ, тура төр үйдің есігін тартқылады… І.Жан. ~ Әй, мынауың дүлей ме, дүңгене ме, кім өзі? – деді. – Ай-шай жоқ біреудің үйін бұзып кіріп!.. Қ.Ысқ. ~ Аялдамаға келіп, бос тұрған орындыққа отыра бергені сол еді, ақ көгершін секеңдеп жанына жетіп келді: «Өй, мынау менің артымнан қуып келген бе?!» – деп таң-тамаша қалды. Әй-шай жоқ, қайтадан қолына келіп қонды. Д.Рам.
