Құмарынан шықты; ләззат алды; құлақ құрышы қанды; көңілі толып, рахат тапты. ~ Шешесі өлгеннен бері дауыс қып, жоқтағандай болған жоқ; өз басына күн туып кетті. Қатыңдар онысын есеп қыла ма, сөйлемей көріскенін жас баланың жылағанындай көріп, айыздары қанбады. Ж.Айм. ~ Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тындаушының айызын әбден қандырды. Ж.Айм. ~ Ат жүрісі адамның айызын қандырады. Ә.Шәр. ~ Баласы әкесінің риза болғанына айызы қанып ыржиып мойнын бұрды. Оның тілегені де осы еді. Қ.Түм.
