Posted in

АҚ БІЛЕКТІҢ КҮШІ, АҚ НАЙЗАНЫҢ ҰШЫ

Туған жерін қорғап қалу мақсатында жанкешті арпалыс, қырғын қантөгістерде көрсетілген теңдессіз табандылық, асқан ерлік хақында. ~ Қастың аты қас, сенің дос емес екеніңді Ташкент құшбегі білмей ме, басыңды име. Одан да өз керегіңді өзің көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тартып ал. Сонда ғана жауың сеніменен санасады, ал қолыңды жайып, тізе бүксең, сені ол құл санайды. І.Ес. ~ Жаугершілік заманда қашанда батырлардың мерейі үстем, мәртебесі биік. Әз-Тәукенің өзі «Жеті жарғыда» қарулы сарбаздың бағын асырып кеткен. Бұл күнде азаматтың абыройы ата даңқымен емес, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен өлшенеді. Қ.Жұм. ~ ” Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен қорғаған осынау ұлан байтақ ұлы даланы өртке шалдырмай сақтаудан, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік туын берік ұстаудан асқан мұрат та, міндет те жоқ, – деп ойлады… С.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *