1. Сұлу қыздың күн шалмаған, жұмыр, борықтай аппақ білегі. ~ Магниті сұлу қыздың күшті емес пе, Жігітті көңілі сүйген қайтіп тартпас, Астынан ақ тамақтың деміңді алсаң, Мойныңнан ақ білекті қайтіп артпас?! М.Дул. ~ … қаладан далаға келсе болғаны құла– қасқасын қамшылап дамыл көрмей, баукеспе ұрыларша сырт көзге жымын білдірмей мысықтабандап барып күнде құшақтасып қайтатын ақ білек, бұраң бел, күлім көз келіншек: «Қайтесің, қамшылама қасқа атымды, қыздардан артық көрем жас атынды… » деп əндете жөнеледі. М.Әу.
2. Ақсүйек, кербез. ~ «Абай» романындағы жүзге тарта қатын – қыздардың бəрі – шетінен ақ білек, сылқым, еркін, ерке. Ылғи ғана шолпылары сылдыр қаққан сұлулар”. З.Қаб. ~ Бір сілкінді көк пен жер, «Бұл қайнаған неткен күш? Мынау дүбір не дүбір?» Деп тыңдады бұл шалың: Алыстағы қалада Тапқа, сапқа тартылды. Бір жағы-өңшең ақ білек, Бір жағы-өңшең құс білек. І.Ес.
