Нұрлы, шырайлы ақ жүзді жан. ~ Қыздың ақ дидарынан шыққан әлдебір асыл күш менің сөйлеуге тілімді келтірмей, көмекейімді тас қып буып тастаған тәрізденді. Ә.Нұрш. ~ Әсіресе, ай жүзі мұзда шағылысқанда, алыстап кеткен қиялынды сәулелендіріп, бықси бастаған арман отынды тұтатар; айдың ақ дидарын көрер айнасы іспетті Ағарыс қош-қошпен сыңсыта ұзатып жіберген салтанатты шақтарын сағына ма, түні бойы сарт-сұрт үн шығаратын. О.Бөк. ~ Шамадан тыс биік те емес, аласа да емес, толық та емес, жінішке де емес, біртүрлі бір қолмен құйғандай ықшам, тығыз дене бітіміне атар таңдай ағараңдаған ақ дидары əдемі жарасып, ақшыл рең ақ торғын ажар беретін. З.Қаб.
