Қисыны бар сөз, келісуге болады. ~ Қарсы алдындағы төрт сирағы еденге болтпен шегенделген тақтай орындыққа отырғызып қойып, қайдағы жоқ ақылға қонбайтын бірдеңелерді сандырақтайды. Т.Сәу.~ Бәлкім, терең ін түбінде, илеудің тақау төңірегінде қалып қойғандары да хабарланып, бәрі қайтып келер деген. Ақылға қонатын нәрсе. Түгел болмаса да. М.Мағ. ~ Міне, қазіргі құндылықтарымыздың сиқы… Капитан бәрін біліп отыр. Айтқаны – ақылға қонатын жанашырлық. Т.Сәу. ~ Мұныңыз ақылға қонады, — деп келісті священник, — мұны қаперге алайық та, оған уақытша тірлік кеше тұруға мұрсат берейік. Серв. ~ Ақылға кірмейтін нәрсе, біреудің табан ақы, мандай терімен тапқан малын қалайша зорлықпен тартып алмақ? Б.Тоғ.
