Есінен айрылды; не істерін білмей, дал болды; ақылынан айрылды; қатты састы. ~ Ақтарылған, қарауытқан, опырылған көр, жыртылған кебін, домаланған ақсақалды атайдың басы, уілдеген жел, құлазыған мола, алласына сыйынған екі адам Əбежанды да аз ойландырды. Ажал айдаһардай аузын ашқандай болды. Əйтсе де ақылынан танған жоқ. Ж.Айм. ~ Ақылынан танды ғой. Патшам, есім ауды ғой,. Осы түстің бәрі рас. Төбеден жасыл жауды ғой. Сонда Алшағыр сөйлейді: – Қобыланды келер деймісің. “Қоб. батыр”.
