Сенен ақыл сұрағам жоқ д.м. ~ Ақылың асып бара жатса, босағаңнан бүгін аттаған әйеліңе, ертеңгі дүниеге келер өз балаларыңа айтарсың. Одан асып бара жатса, өз басыңа шайнап жақ. Бірақ маған айтпа, білдің бе?! Көзім тірі тұрғанда өз ісіме өзім жауап беремін. К.Сег. ~ Айша апай екеуіміздің миымызды ашыттыңдар ғой, тәйт әрі, ақылдарынды бастарыңа шайнап жақ. Қ.Мұх. ~ Ей, тоқыр бас,— деді қайыршы,— «кеше келген тоқалдар, шөміш алып қоқаңдар» деп, қазір келе салып, хан үйінде он күннен бері қонақ болып жатқан бізге ақыл үйретпек болдың ғой. Ақылыңды басыңа шайнап жақ. Б.Қыд.
