Түптің түбінде. ~ Ақыр соңында басқа көзге төпеп берген қамшы мен сойылдан амалдары құрып жөңкіле аққан жойқын суға жөнеп берер–ді. Ә.Кек. ~ Екi оттың ортасында калған Нәргүл де қазiр өзiнше қиналуда едi. Ақыр соңында ол жiгiтке бiржола бұрылып алды. Көзi жайнап, алма бетi алабұртқан нәзiк жан жауапқа да сасқан жоқ. Р.Рай. ~ Түннің бір уағына дейін сарыла сандалып ойланған. Ойланды да, ақыр аяғында тас түйін шешімге келді. М.Қаб. ~ Сыртқа шыққасын әкесінің іштегі реніші үдеп, ақыр аяғында ызаға, ашуға айналды. Ә.Нұрп.
