Posted in

АЛА ЖЫЛАН, АШ БАҚА

Аралары суыды, бір-біріне кек сақтады, дүрдараз болды. ~ Айналаңнан қысып бара жатқан мына бір қырсау заманды таниық. Тобырыңмен обыр жұтқалы жатқанда өзді – өзіміз ала жылан, аш бақа болғанды қояйық. Ж.Ахм. ~ Дүрмек. Онда ертең Орталық Комитеттің алдында сөйлесерміз. Мен өзімнің достық борышымды өтедім, енді әз обалыңыз өзіңізге. (Кетеді.) Мардан. Осындай «ала жылан, аш бақа» күпілдектерден қашан құтылар екенбіз. Ә.Әб. ~ Иісі қазақтың құдай сүйген қылығы жоқ. Ала жылан аш бақа, ала тілеу оңдырмасын бек біледі. Қара қыпшақ Қобыланды батыр Ақжол биді өлтірген соң арғын– қыпшақ айрылған. А.Кем.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *