1. Алға тартып кетті. ~ Қуанышы қойнына сыймаған бір арбалылар сабаларын лықылдатып аттарын айдап ала жөнелді. М.Дәу. ~ Шамның әлі құрыс–тырысы жазылмаған, ауыздығын қарш–қарш шайнап аласұрады, тізгінді сәл босатса, ала жөнелгелі тұр. А.См.
2. Әлдебір іс-қимылдың жаңа қарқынмен жалғасуы, үдеуі.
~ Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар есімде. Күн шығып келе жатса керек. Ақ шоқылар алаулап көз қарығар алмастай жарқырап ала жөнелді. Б.Мом. ~ Шошып ояндым, тым– тырыс секілді. Құлағымды тосамын. Шынында да бірдеме тырс– тырс етіп, сәл тұрады да, әр қилы ырғаққа салып ала жөнеледі. Бақсам, ондаған сағат даусы. С.Шай.
