Posted in

АЛА ҚАНШЫҚ

Алай-дүлей, бір көтеріліп, бір басылған, қитұрқы. ~ Аптап сауып тұрған аспанның астында, ала қаншық ақпанның аязында қабақтарына кірбің іліп, қыңқ етпес. Р.От. ~ Өзеннің тік жарқабағына таялса, дарияның салқын самалы кері теуіп жібереді; ала– қаншық құйынның бей– берекетсіз, шамшыл тызалақ– тірлігіне жалтақтай Құттыаяқтың есік көзіне ілінгені сол еді, алақандай сары жапырақ қылаңдай қалқып кеп, жылтыр тұмсығын сүйкей, жасқандыра қағып өтті. М.Сүн. ~ Жапар бұл малағамның ешқайсысынан бейхабар-тын, әйткенмен мына көргенi сол «ит ашуын тырнадан алады» дегендейiн кеп. Жазықсыздан-жазықсыз ала қаншық қаһарға ұшырады. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *