Posted in

АЛА ҚАНШЫҚТАНДЫ

Ауа райының бұзылуы; желдің бір қатайып, бір басылып алас ұруы. ~ Аспан ала қаншықтанып, бірлі-жарымды таң жұлдыздары көріне бастады. Ғ.Мүс. ~ Кешке қарай жер бетін қалың жапқан туманная қара күреңденген күн келбеті, сөніп бара жатқан шоқтай әлсіз ғана жылтырайды. Бұндай күндерде, далаңқы жерлерде «үрлесін» атты боран сымақ боп, қар бетіндегі қырау ала қаншықтана сырғи жүгіріп жатуға тиісті. С.Мұқ. ~ … аспан тарапынан көктем мезгілінің өзінде де жерге ызғырық үйірген қырау бүркіліп, алақаншықтана суырған қар, ысқырған жел мұқым тіршіліктің бәрін күтірлеген көк тайғақ, тірсек түткен мұздаққа айналдырған. АҚ “Жұтзапыран”. ~ Қалтай алғашқы бетімен тоқтай алмай, қақпаны ашып тысқа шықты. Жел күндізгісінен қатайған. Күн алақаншықтап қатты борап тұр. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *