Posted in

АЛДЫН ОРАДЫ

Бұрын қимылдап, айласын асырды; алдын кесті, озып кетті. ~ Міне, қазір оның бірі жоқ, жыламсырап келеді. 7-сыныпта түк білмейтін Тұрсын алдын орап ақшамен колижіге түсіп кетті, өзінің сонда кедей баласы екенін тұңғыш рет сезінді. Н.Абд. ~ Бірақ соның бәрінде де белгісіз біреу бұның алдын орап, жолындағы құдықтардың таспен өрген шегенін тарқатып алып топырақпен көміп кетеді. Ә.Нұрп. ~ Бәрі – аларман. Біреу біреудің алдын орасам дейді, біреу айламды асырсам дейді, енді келесі кісі сырт көзге момақан, іші монтаны қалыппен екі жүріп, екі жеп биге шықсам дейді. Д.Дос. ~ Сол күні кешкісін суыт жеткен суық хабар Нұрдәулеттің жүрегіне қанжардай қадалды. Бектас оның алдын орап кетсе керек. Айжан із-түссіз жоғалды. Бар пәленің Бектастан келгенін Нұрдәулеттің жүрегі сезді. С.Дос. ~ Әсiресе, оған қатты батқаны, осы дүмдi жердiң қызын Мақамашқа ыңғайлап жүргенiнде, мына қу тұяқтың аңдаусызда алдын ор

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *