Біреудің көрсеткен қорлығын, озбырлығын не басқа бір ісін өзіне жасады, есе қайтарды. ~ Бұрындықтың баяғы өзіне
істегенін алдына келтірмек боп, қолына арқанын алып қырғын ұрыстың ішінен талай аңдыды. І.Ес. Ағасының қылғанын
алдына келтiретiн маған да күн туды. Ж.Айм. ~ Байғұс Шеге тағы ұсталды. Хансұлу тірі жесір боп тағы зарлап қалды. Бір
жағынан “дүние кезек” дегендей олардың Қозбағарға жасаған қиянатын құдай алдына келтірген сияқты. Бір жағынан —
обал. Еш кінәсі жоқ еді, Шегені Апанасқа қоса кетті. С.Ел. ~ Осы оқиғаны еріксіз есіне алған жас ханзада келер – кезек,
алмакезек деп ішінен мырс күлді. Еділдің төменгі жағындағы, бір шоғыр ел болып, қоныс жаңартып отырған кәрі Аюкенің
сәлемін құп алды. Баяғы текті бабасының домбытпа ынтасын қалмақ Аюкенің алдына келтірмейін деп ойлады. Сыйға – сый,
сыраға – бал. Д.Дос. ~ Байғұс Шеге тағы ұсталды. Хансұлу тірі жесір боп тағы зарлап қа
