Мерейі үстем болды, абыройы асты, озып кетті. ~ Ауылдағы, жігіттердің бәрі алақанындағыдай: түр-түсі мен мінез-құлқы жағынан, әй, Жүсіптің алдына шыға қоятындайы жоқ. Б.Нұр. ~ Ендi, мiне, ең үлкен ағасы Үкедейдiң әрең көрген ұлының алқа топтың алдына шыққанына сүйiнуге де шамасы жетпеген екен. Ә.Ыб. ~ Осы сауда екі жылдың ішінде оның шаруасын бір болыстағы байлардың маңдай алдына шығарды. С.Мұқ. ~ Бақырып-шақырып, өкіріп жіберді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан. Кімді боқтамады. Қанқызыл түлкіні де, Өжденбайды да, өзін де. Неге керек еді, осы. Нені бүтіндеп, неі өзгертіп, кімнің алдына шығарар еді. Н.Дәу.
