Бәрін күнібұрын шешіп қойды. ~ Пьеса ұнады ма? – деп икемдеді қыз. Ол жауап беруге асыққан жоқ. Бәрін алдын ала кесіп-пішіп, ернін де есеппен қимылдататын ақсүйексымақтардың дағдысы. Дж.Сэл. ~ Диванда етпеттеген Елтай үн қатпады: екі ұсынысқа да дайын жауабы жоқ: ол әйел атаулымен ара жайын ешқашан да алдын-ала кесіп-пішіп жоспарламайтын, көңіл күйі сол минутта не десе, соны дейтін ақ ниет еркек еді, оның өзі ақыр соңы таяқ жеумен тынатын. М.Қаб. ~ Кімдер сөйлейді? Қандай ұсыныстар жасалынады? Оны кімдер қостап, кімдер қостамаған болады. Осының, бәрі – ақ алдын ала әзірленіп, кесіп-пішіп қойылған. Б.Соқ. ~ … қайғысы мен шері аз адамдардан бөлініп кете алмайтынына көзі жетіп, және енді ары қарай еш нәрсеге басын қатырмай, өзі талай күндерден бері кесіп-пішіп қойған мақсатын жүзеге асыруға қамдана бастады. Н.Дәу. ~ Ал сіздер бақыттысыздар ғой, алдын ала кесіп-пішіп аласыздар, үйге б
