Ақ бұйрықты, абыройлы қаза. ~ Бірақ Ақбілек «Барсакелмеске» кетті. Жай кеткен жоқ, сүйекке таңба салып, масқара боп кетті… «Пәленшенің қызы сондай бопты…» деген атақ мәңгі жайылар ма? Әкесін бүйтіп қор қып кеткенше, алланың ақ өлімінен кетсе, не арманы бар еді. Ж.Айм. ~ Біреулер асарын асап, жасарын жасап, әбден жасы жеткенде, өлім жастығына армансыз бас қояды. Екінші біреулер ем қонбас дертке ұшырап, көп уақыт төсек тартып жатып, әлсіреп барып үзіледі. Ал үшінші біреулер оқыста аттан жығылып, не соғыста, барымтада кісі қолынан мерт болады. Бұлардың барлығы да Алланың ақ өлімі, немесе ажалына тура келген тағдырдың жазуы деп қаралатын, жұрттың еті үйренген, күн сайын болып тұратын қазалар. Қ.Жұм.
