Posted in

АЛМАҒАЙЫП КҮЙ

Мың құбылған, алып-құшты көңіл-күй. ~ Жарық дүниенің айылын жимай жатқан бейжай қалпына таң қалады. Бұл өмір мен өлім арасында алмағайып күй кешу. Ал кең дүние, алуан бояулы кең дүние бәз-баяғы қалпы. Бұл қазір төңкеріліп түссе де, мұрты жыбыр етер түрі жоқ. С.Ел. ~ Байқаса, өз елімен жылап көріскендей халге жеткен екен! Сондай бір алмағайып күйде көпке дейін ешкіммен сөйлесе алған жоқ, Өзімен-өзі жапа-жалғыз болғандай, қуарып қалып еді. Ж.Ахм. ~ Қара шалдың сыбыры өз жүрегімнен шыққан сөз сияқты, тербеліп, тебіреніп жаза берем, жаза берем. Сәт сайын от пен суға кезек түсем, алмағайып мың құбылған күйді бастан кешем. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *