Бір-бірімен сыйыспайтын, қырық пышақ дүрдараздық туралы. ~ Бірақ… Қарақалпақ жақсылары баяғы алты бақан алауыз қалпы… Нұртай олардың сөз әлпетінен шошып келеді… Бір оқыс іс көрсетуі керек… З.Шүк. ~ Айналайын елім-ай, алты бақан алауыздық атадан жауың емес пе еді? С.Дос. ~ Жасы жетіп қажығандікі ме, әлде ағайын арасының алты бақан, ала ауыз болып, діңкеге тигендігінен бе, әйтеуір соңғы жылдары әке мінезінде көп өзгеріс бар. Қ.Жұм. ~ Ру-руға бөлініп, басы бірікпей жүрген алты бақан, ала ауыз көшпелі жұртқа шынында да осындай бір орталық керек сияқты. Қ.Жұм. ~ Бірақ сенің жолың да тым оңай болмас. Әркім өз лағын текешік қойғысы келетін, алты бақан, ала ауыз елің – мынау. Қ.Жұм.
