Өзіне лайық емес іс жасады, өз құнын түсіріп алды. ~ Жоқ. Еден жуушы болсам да жарайды. – Қой, айналайын. Алтын басыңды өйтiп қор тұтпа. Әдейi келiп отырып ол не дегенiң… Т.Сәу. ~ … сен жазған соны да ұмыттың; жоқ, ұмытқан жоқ-ты, тек мына шіреніп отырған қырттардың алтын басыңды қор ғып, екі аяғыңнан сарсылтып тұрғызып қойған қорлығы ызаңа тиді … Ә.Нұрп. ~ Сәрсен мен Сапар бекер жамандамайды оны. «Сенбе оған, алтын басыңды қор етеді»,— деп еді, қателеспепті. М.Сүн.
