Өсек әңгіме, дабыра сөз. ~ Біз Торғайға осылайша сіңісе бастаған шақта, Ақмола, Семей жағынан айдалған малдың да жақындаған хабары кеп қалды. Алып-қашты сөзге қарағанда, малдың жалпы саны мың жарымнан астам болса керек және көбі ірі қара болса керек. С.Мұқ. ~ Жаңадария бойындағы қарақалпақтар Хиуа ханына бағынғалы жатыр екен… Ханның әскері іргеге келеді. Қарақалпақтан кейін ауызды қазақтарға салмақ көрінеді… Сондай алып-қашты сөз көбейді. З.Шүк. ~ Бұл 1940 жылдың қараша айы болатын. Осы кезде ел ішінде әртүрлі алып-қашпа әңгімелер тарап жатты. Ж.Шәк. ~ Ауыл арасы әңгімесіз бола ма? Алып-қашты қауесет өрттей қаулап, бірден-бірге ұласа, ұлғая келе, түрлі реңк алып, әлденеше құбылып, әрқалай пікір туғызып жатты. Ү.Жәл.
