Posted in

АЛЫСТАН АТ САБЫЛТЫП КЕЛДІ

Әуре болып алыстан жетті. ~ Алыстан ат аямай келгенімде, Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара. …Алыстан ат сабылтып келдім іздеп, Бір көріп қайтайын деп, Мақпал сені. Ақан Сері. ~ «Аукционға қатысқалы жүрсеңіз, жаман емессіз ғой, жезде», — деді балдызы тәлпіш-тотайланып. «Алыстан ат сабылтып келіп, қолымды бос сермеп қайтам ба, қайдам», — деді жездесі. М.Байғ. ~ Біреуге елпілдеп тұрмақ түгілі, алыстан ат сабылтып әдейі іздеп келгендердің өзін кейде қабылдамай, көп зарықтыратын хазірет тұйыққа тірелді. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *