Жақын араласпай, сырттай тілектес болып қала берді. ~ Жігіт тоқтады. Сөзін үзген қыз да аялдады. Бір қырындаған Елтай: — Пәтерді тезірек алыңыз, тілектеспін, — деді солғындау ғана. — Дұрыс айтасыз, алыстан сыйласқан жөн. М.Қаб. ~ Түсінікті. Демек, Мамырбек мұның Төртуыл ішінде біржола орнығып қалуын қалайды екен. Бір– біріміздің жолымызды кесіп өтпей, алыстан сыйласайық. Жырақта жүрсең — досыңмын, жақынға келсең — қасыңмын дегені ғой бұл. Қ.Жұм.
