Кішкентайынан әке-шешеден көрген тәрбие, өнеге, ерекше қасиет туралы. ~ “Әкесі достың баласы дос” деген қазақ дәстүріндегі қасиетті қағида Тауман сүйегіне де ана сүтімен бірге сіңген. Содан да өзімен мінездес, ер көңілді Қылышбай оның жан аямас досы. С.Дос. ~ Науан ұстаның бар күн көрісі – көрігі мен балғасы. Арманы – арғы бабасы Орақ пен Қияқ, Тұяқ салған әділеттік пен ерлік жолын адал ұстау. Ал халқы үшін жан қиған ерлер жайындағы ел аңызы оның ана сүтіменен қанына сіңген. І.Ес. ~ Сабыр ет,— деді орыс тілін сәл сындыра сөйлеп.— Әңгіменің ұзын–ырғасын шала–шарпы болса да ұғып отырмын. Оған ренжіме. Ана сүтімен сіңген ұғымы сол. Оған тар самолет ішінде ештеңені түсіндіре алмайсың. М.Қаб. ~ Менің өз тұстастарымнан бұрын қағынып, атқа ертерек мінуіме, бәлкім, ана сүтімен сүйегіме сіңген қара күшімнің, жұлымырлығымның да себебі болған шығар. Ж.Сәм. ~ Торығып жүрсіз бе? – деп естілер–естілм
