Posted in

АНА СҮТІМЕН (БІРГЕ) БІТТІ

Тумысынан біткен қасиет, өнер, дарын туралы. ~ Зиректік, ойшылдық, сезімталдық – ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер. Мұны адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы бір қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған қоғам оны не ұлғайта түседі, не өшіреді. І.Ес.~ Әлденеге асығады. «Бәрі де қараң қалсын. Мен– ақ намыссыз болайын. Шыдамым таусылды»,— деп әлденеше рет жүгіре жөнеле жаздаған. Әйтсе де, ана сүтімен біткен қыз намысы арын аттатпай ыстық қан боп басқа шауын, ірке берді. Осы қазір де жүзін қуаңдандырып, түсін қашырып тұрған сол. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *