Ана сүтін ақтамаған оңбаған жанға айтылатын қарғыс. ~ Егер антымды бұзып қос бауырыма бірінші боп қастық етсем, мына тұрған асыл анам Жаған бикенің ақ сүті ұрсын! І.Ес. ~ Сыйың, жетті. Күттің. Өзің осындай сыйға жолық! Сен менен тумаған екенсің. Ниетің қарайған екен. Өзім аш жүріп, сені тоқ қылған күндерім, жетілген соң есіңнен шыққан екен! Көзіңнен шықсын, ниетіңнен тап! Енеңнің ақ сүті ұрсын! Жүр қатын, елде өлейік. Сағынған жүрек адыра қалсын, бекер сағынған! С.Мұқ.
