Posted in

АПТЫҒЫН БАСТЫ

Желігін басты, сабасына түсірді (түсті). ~ Қос үрей көңіл жуық арада сабасына түсер емес. Басынан кешкен жаңағы сұмдық өңі емес, түсі екенін білсе де, абыржыған ала құйын көңіл аптығын баса алмай, қол-аяғына енген діріл әл-дәрменін әкетіп барады. Ә.Нұрп. ~ Сондықтан да анау жолғы сәтсіз командировканы жылы жауып қойды, сол себептен де бөлім бастығын ай бұрын шақырып алып: «Шымши берме, ол алақанда өскен Абыралы мен сен емес», — деп, аптығын басқан. М.Қаб. ~ Аласұрған Жақып ақыры Мешелді май құйрықтан ыңқита бір теуіп аптығын басты. Қ.Ысқ. ~ Несi бар, ол талапты да орындауға болады. Жастардың аптығын басып, райдан қайтуына көп септiгi тиюi мүмкiн. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *