Posted in

АПШЫСЫН ҚУЫРДЫ

Дікіңдеп, есін шығарды; қатты састырды; қорқытып-үркітті, әңгір таяқ ойнатты, қысты; берекесін алды. ~ «Қарама көкке! Күлме бірің! Мерт боласың!.. Тырс етпе!» деп ақырып, отырған топты бір шолып, сүзе қарап, апшысын жұрттың қуырды. Ж.Айм. ~ Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бүріктірді, елдің апшысын қуырды. Ж.Айм. ~ Шабуылдар – ақ сойыл суылдаған, бір-бірінің апшысын қуырды адам. Семсер менен найзаға түйрелсе де, жығылмаған, жықпаған туын далам. Ф.Оңғ. ~ Ал бүгін мынау тәмпіш кемпір апшысын қуырып алдынан қуып шықты. Б.Мом. ~ Барған сайын бұлт тұтасып, көк жүзін құрсап, кең даланы тарылтып, адамдардың апшысын қуыра түсті. Е.Мұх.

.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *