Posted in

АПЫ КІРІП, КҮПІ ШЫҒЫП

1. Әбігер болды, сасқалақтап қалды. ~ Ертеңіне таң атқан соң-ақ дүрбелең басталды. Біздің үйдің іші түгелімен әжемнің өлімін қайғырып отырған шақта, апы кіріп, күпі шығып Қайрақбай келді. Асығыс мінезді ол, есіктен сүріне-қабына кірді де, ентіккен дауыспен: — Ойбай, жығайық үйді!— деді. С.Мұқ. ~ Саржалақтың (Есқалидің ерні үнемі шыт– шыт боп жүретін) үйіндегі оймақ ауыз келініміз де апы кіріп, күпі шығып жатқан көрінеді. Әли келіншек әкепті. Уһһ!.. — Томашадай сары кемпір қолындағы өзі қарайлас ондық самаурынды подносқа шықыр еткізіп қоя салды. С.Ас.
2. Шатақшыл, қызба мінезді адам туралы. ~ “Ескі құрағанның есі кетеді” демекші, мінезі тік, жоқ нәрсеге апы кіріп, күпі шығатын баяпар қара шалдың қасына ешкім батып бармайды. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *