Құрметтеді, қадірледі, мақтан көрді. ~ Осындай сөздерден кейін албырт жас жүрек қалай толқымасын, Бүркіт Ақанды қалай ардақ тұтпасын! І.Ес. ~ Үндінің, ауған, парсының елінен өтерміз, арап дүниесінің ортасынан қақ жарып жол тартармыз, дүниені шарлап өзімізге болыстық етер дос табармыз, сондықтан, ағайыншылықты ардақ тұту керек. Ғ.Біл. ~ Шынында да ұлы князь қасты дос ете білетін дана адам еді. Бабамның алтын басын ардақ тұтып тақ жанында ұстайды. Қол астына әскер береді. Т.Сәу.
