Сүйеніш көрді, пана тұтты, сенім артты. ~ Сол Ақташы Тағышыға араша түсем деп пәлеге қалды да, патша әскеріне арқа тіреген Шыңғыстың күштеуімен мекенінен қуылып, алыстағы Торғай даласына ауып кетті. Бекетов оларға да арыз жазып берді. С.Мұқ. ~ Қалқам-ау, сенің “жәң” қай “жә?” Ертең төңкеріп тастап, орныңа… ана быдық ағасын қояды. Арқа тірейтін астанада анадай азаматы тұрғанда бұндағы қос уыс халы қты басқара алмас деп пе едің? Ә.Нұрп. ~ Қарулы жауын жеңгізбеген ол өкімет, қарусыз жауына жеңгізе ме?.. Егер ол жеңгізбесе, оған арқа тіреген «еңбекші» атты қалың көпшілік, «қанаушы» атты азшылыққа жеңгізе ме?.. Жеңе алмаса оның күні не болғаны?.. С.Мұқ.
