Сүйеу қылды, мақтан етті. ~ Сендерді ағайын деп арқа тұтып келдім, сөзімді сөйлер, меселімді еткізер деп келдім. C.Мұр. ~ Бөтен оймен айтты деп ойласаңыз мені, үндемей-ақ қойыңыз. Сізді мен бір адал адам дегесін арқа тұтып келдім»,— деді. М.Сүн. ~ Ақмоладағы оқыған бай балаларын арқа тұтып, тағы да болыстық жолын қуып барады екен, бірақ бізбен қарсыласуға шамалары келмеді… Б.Тоғ. ~ Жиын-тойларда әлдекімдермен ұстасып, жанжал шығаратыны да белгілі. Ағасы Сәрсенбайды арқа тұтады. Ә.Тар. ~ Аққа құдай жақ деген. Адалдығымды арқа тұтам, Балтажан. C.См.
