Posted in

АРҚАСЫ ҚОЗДЫ

Рухтанды; шабыттанды. ~ Байтақ шаһардың барша көк күмбездері мен көк мұнаралары да байлаудағы тұлпардай арқасы қозып жер тарпып тұрғандай, күллі дүние тітіреп кетті. Ә.Кек. ~ Бір оқыған мәтінді жаттап алатын ерекшелігі, орысша-қазақша таза сөйлейтін ерекшелігі, мінберге шыққанда арқасы қозып, тақпақтай жөнелетін таланты, және басқа қасиеттері бастықтарға ұнады: халық қалаулысы да болды, уәзір тағына да жантая кетті. Ә.Тар. ~ Әр қазақтың ат десе, алғыр құс десе арқасы қозып тұратыны да осыдан болса керек. Астындағы аты үшін небір қияметке де көнуге бар. Б.Мом. ~ Зағипа: — Өлең жазарда ақындардың арқасы қозып кететін көрінеді ғой,— деп кейуананы жұбатты. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *