Жанын қинады, жүрегіне ауыр тиді. ~ Анадайдан орағытып өтсе де, Ақбөбектің ауыр халін алыстан сезіп, арқасына аяздай батып, біртүрлі аяп кеткен. Ү.Жлк. ~ Жуықтан бері «қызылдар жеңсе, байларды тәркілейді, мал-мүлкін кедейлерге тегін үлестіріп береді» деген суық хабар шығып, арқасына аяздай батып жүрген. Б.Тоғ. ~ Абылайдың аруағынан, Қасым төренің қаһарынан сескеніп, не істеуді білмей, оның үстіне абыройы айрандай төгілген қызының күйігі де арқасына аяздай батып отырған Байболат ақсақалға Кенесары көп кешікпей «Күнімжанды маған берсін» деп кісі салған. І.Ес. ~ Әсiресе, араларындағы жалғыз шешелерiнiң халi Жапардың арқасына аяздай батты. Ә.Ыб. ~ Сол жайдың арқасына аяздай бататындығын айта келіп, шапағат-мейірім мол ханнан рақым тіледі. П.Дүйс.
