Posted in

АРТЫ ҚУЫС

Айыпты адам өз-өзінен сезіктеніп жүреді д.м. ~ Үй сұп-суық. Сілеусіннің қабағы түсіп кеткен. Қылмыстының арты қуыс. Битабар қылп ете қалды: «Құдай-ай, бір сұмдық болмаса жарар еді!» Бертшек те бүк түсіп төрде жатыр. С.Шай. ~ Келіншегімді қуа келдім десе, сайқымазаққа айналады. Арты қуыс адам амалсыз жалған сөйлейді екен. М.Қаб. ~ Райханның тұсында тауым шағылып қалған, ұрының арты қуыс дегендей өз-өзімнен қуыстанып, тісімді қайрағаннан басқа амалым жоқ. Өстіп мысым құрып жүргенде, еңбек армиясына алындым… С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *