Posted in

АРЫНА (АУЫР) ТИДІ

Қорлады, намысына келетін сөз айтты, іске барды. ~ Бұл сөздер арына ауыр тиген Елизавета Андреевна Ботагөзді біраз күн мазақ қиянатынан арашалап, айуандық мінез көрсеткен ағасы – Алексейді ұялтты. С.Мұқ.~ Жалпы жиырма бесінші жылы туылғандардың бәрі осындай, олар тіпті аз қалды. Жәбірленуші әуелі бұның арына тиген, түсінесіздер ме, адамдық арына тиген. Ал, адамдық ар бәрінен жоғары тұру керек. Қ.Түм.~ Күйеуінің өз үстемділігіне берік сенген өктем үнімен “Осымен бәрі бітсін”,- дегендей есіктің сарт ете түсуі Мәликенің арына тиіп, ызасын ду көтерді. Д.Ис.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *