Арын таза сақтай алмады, абыройын кетірді. ~ Сөйтіп, ол адам өзінің аузына қараған көп көздің сынына ғана емес, қадалып тұрған көп найзаның да ортасына түседі. Денесіне жара салғызбай, арына таңба бастырмай адал, аман өту шарт. М.Әу. ~ Осы қалада қыз ұзатылса, келін түссе, шілдехана болса, айт пен той, ойын-жиын жасалса, Абайдың сөзі, әндері көп жерде-ақ айтыла, атала жүретін. Енді сол Абайдың басына түскен ауыр шақ, арына түскен таңба жайын Семей қаласының еңбек елі үлкен ызамен, қатты намысты ашумен әңгіме ететін. М.Әу.
