Posted in

АСПАНҒА (КӨККЕ, ҒАРЫШҚА) ҚҰЛАШ СЕРМЕДІ

Алысқа қол созды; биікке ұмтылды, үлкен мақсатқа талпынды. ~ Мұң мен назы аралас Мұстапаның зарлы әні, жорғадай тайпалып, құйындай екпіндеген Жарылғаптың екілі «Алтыбасары» Дәрменді де қызықтырды, екілендірді, салған сайын оның асқардай асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді, алыптай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, тау да, сай да, бұлақ та, тал да Дәрменге үн қосты. Ж.Айм. ~ Ымырт үйірілген шақта ауыл шетінен ақ боз шаң көкке құлаш сермеді. Құлағымның түбінен қой-ешкінің маңырай жамырағаны естілді. А.Өм. ~ Замат лашын құс боп самғаған ол бұл кезде Кенжеғұлдың көзiне әлi де сағымдай бұлдырап қана елес берген ақ кептердi iлiп алды да, қанатының астына қысып, ғарышқа құлаш сермедi. Жеткiзер ме ақ кептер, ұстатар ма арман құс? Р.Рай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *