Атағын шығарды, даңқын гүрілдетті. ~ Қасым қарағым, үлкен абыроймен келіпсің. Ең мықтының өзіне жолығыпсың. «Қыстауың түзелмей — қырсығың арылмас, жайлауың түзелмей — жаның жай таппас» дейді екен мал баққан қазақ. Екеуін де келістіріпсің. Анау Асылханды тіпті аспанға шығарыпсыңдар. Отанына келген оңалар деген. Ес білген шағында туған елінің құшағына келіп кірді, менде арман жоқ. К.Қаз. ~ Көзінің тірісінде де ол жақсы лебізді көп естіген, сыйлық атаулыдан да құр қалған жоқ, алайда көзі тайған соң оның аруағын да, атын да аспанға шығарған Әлібек, біздің қолымыздан келмейтін іс бітірді, оның есімін бір Қаратай емес, бар қазақтың маңдайына алтын әріппен жапсырды. Қ.Ысқ. ~ Әр жазушыға өз биігінен, өз заманының көзімен қарағанда ғана біршама дұрыс баға айта алуымыз мүмкін. Ал шығарманың болашақтық өміршеңдігін уақыт – төреші өзі айтады. Біздің аспанға шығарып қойған дүние¬леріміздің Кеңес Ода
