Жолы болды, бағы жанды. ~ Үш жылғы еңбегіме бір көк қасқа қой алып, асығым алшысынан түсіп тұрған. Ғ.Мүс.
~ Сұлтан, – деді ауыр денесімен Бөленге бұрылып,сенің лебің боран, демің жел болып, асығың алшысынан түсіп тұрған кезің екені белгілі. Ә.Шәр. ~ Бұған келгенде де Қоңырбайдың асығы алшысынан түсті. Екі жеп биге шықты. Қ.Жиен. ~ «Қандай қазақтың асығы алшысынан түсіп тұр екен», – деген іштарлық билеген бойын. О.Бөк. ~ Ақмола, Ақтау, Ортау бекіністерін алғаннан бері Кенесарының көңілі көтеріңкі тәрізді еді. Оның үстіне асығы алшысынан түсіп, Ағыбай мен Байтабын батырлар қас жауы Қоңырқұлжаның ең соңғы үш мың жылқысын айдап әкелді. Ескі кек қайтқандай. І.Ес.
