Posted in

АСЫҒЫ ТҮГЕЛ

Уайым-қайғысы жоқ, есебі дұрыс, мұртын балта шаппайды. ~ Жарық айлы бүгінгі түн қаралы қанды түн болды. Өз намысы оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына итаршылық жасады да, жайрап түсті қос арыс! М.Әу. ~ Осы жігіт күніне он екі сағат істеп, айына он бес сом таппайды,— деп еді Жүсіп, бала бірінші рет сұрақ қойды: — Өлмей ме?! — Өлсе тағы бір қазақ табылады. Байдың асығы түгел,— деді жігіт естіп қалып. Алқынып тұр. Жылымшы судан сылқ-сылқ жұтты да қайта кірісті ісіне. Күнде керіп жүрген Жүсіп оның сөзін елемеді. Ғ.Мұст.

~ — Жолың болсың — деді тағы да Яхия, — есебін тапсаң олжаға осы жолы шаш етегіңнен батасын. Қыр елі қағазда жазылғанга қарамайды. Елудің орнына жүз, жүздің орнына мың жинауға болады. Сонда қазынаның да, сенің де асығың түгел. Әубәкір байыған үстіне … Ғ.Мұст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *