Тумысынан ерекше, елден асқан. ~ Ешкімнің де ақымақ болғысы жоқ. Алайда ақыл айтқанның бәрі асып туған ақылман емес. И.Сап. ~ …өз әкең Баһрам деген әрі ақын, әрі батыр кісі еді, өзің де соларға тартып кесек жаратылыпсың, тіпті олардан асып туған түрің бар, мұсылманша да, орысша да оқып офицер шеніне жетіпсің… Ата-бабаңның аруағы қолдай берсін, шырағым! Халқың үшін қызмет ет! Б.Тоғ. ~ Бошжан да кісі-ақ еді еске құтпан, Айымбет асып туған талай жұрттан. Махшарда қисап күні тексерсе Хақ, Есілдің Мабу залым ұрқын құртқан. “Үркін – Қорқын”.
