Posted in

АТ (АТТЫҢ, АТЫНЫҢ) ЖАЛЫН ҚҰШТЫ

1. Оққа ұшты: ат үстіндегі адамның арқасынан тиген оқтан не соққыдан алға қарай, аттың мойнын құшақтай құлауы. ~ Есеней сол аяғын үзеңгіге салып көтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Есеней ат жалын құшып қозғала алмай қалды. Ғ.Мүс. ~ Тағы гүрс етті мылтығы. Алақтап сайға қарай ұмтыла берген Пахраддин осы арада артына жалт қараса түйе қуалаған дұшпанның тағы бірі ат жалын құшқан екен. С.Ел. ~ Көп жігіттер ат жалын құшып, бірден жан тапсырды. І.Ес. ~ Молаға екі шақырымдай қалғанда мылтық даусы сатыр-сұтыр етті. Жазаңқайды түтін қаптап кетті. Жігіттердің бірсыпырасы жарқ берді, кейбірі аттың жалын құшты, кейбірі түсе қалды. Ж.Айм. ~ … Мысалы астындағы ат о дағы ұшты, Ескендір де атының жалын құшты. Абай.
2. Аттың мойнына асыла құлады, жатып алды. ~ Бірақ сонда да тоқтаған жоқ. Аттың жалын құшып алып, тек қана құлап қалмасты ойлап, шаба берді. М.Әу. ~ Осы кезде тарс етіп мылтық атыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *