Ат үстінде өзін еркін сезінетін, ат жалында өскен адам туралы. ~ Жарым ғасыр тулап мөңкіген дала тағысы елуінші жылдардың соңында ғана көнпістікке көнікті. Ноқтаға тұрды. «Мінәжатқа» жүгінді. Ат жалында ойнаған арпалыстан тыйылып, намысқа шабар егес-қырқысын тоқтатты. Жуасып келіп от басына отырды. Ғ.Біл. ~ Сиыр бүйрек бұйрат ішінде көш ізіне түсіп келе жатқан шұбалаң құйрық шаңды көріп, Молдаш жігіттерін тасаға түсірді. Ат жалында ойнап өскен, шымыр денелі кілең марқасқа боздақтар. Ғ.Біл.
