Сирек қатынайтын болды, хабарсыз кетті. ~ Әбілқайыр елге оралғалы жан–жақ тып–тыныш. Самарадан үшті–гөйлі хабар жоқ. Ор бойы да – құлақ кескендей. Башқұрт тараптан ат ізі сиреді. Қалмақ беттің де дүрлігіп жатқан ештеңесі естілмейді. Ә.Кек. ~ Оһо, күйеу жігіт, аман-есен бармысың? Ат ізің сиреп кетті ғой, түге, Бастакең атаңның қасынан ұзап шыға алмаған шығарсың? Ғ.Біл.
